Өлеңдер ✍️

  09.07.2025
  1930


Жан Анам

 


 


Сүйемін «Балам» деген қолдауыңды,
Орындап, арман-тілек қалауымды.
Жетерсің деп шыңдардың биігіне,
Құрметтедің өмірлік таңдауымды.

Анашым – асыл сүтін берген маған,
Бойымда қайрат-жігер ойнақтаған.
Кіршіксіз жас баладай көңіліңе
Қалайша қаяу салып жүре алам?!

Аяулы, асыл анам, ғасыр анам,
Өзіңдей ардақты адам қайдан табам?!
Қиындықты еңсеруге керексің маған,
Мәңгілік күлімсіреп жүрші, аман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Кеше, 19:09
Автор ы кім әннің
Әнел
Әнел 16.04.2026 22:46
Мәссаған! Өте ерекше және ұйқас???
пико
пико 04.03.2026 20:14
Өте керемет маган катты унады
Гүлсезім
Гүлсезім 26.02.2026 21:33
Бұның авторы кім?
Ұлдана
Ұлдана 17.02.2026 23:21
Рахмет

Пікір жазу