Шығармалар ✍️
Ақбөкендердің бары бақ па, әлде дақ па?
Ақбөкендер. Батыс жақта бұл сұлу жануарларды киік деп те атайды. Қазіргі уақытта олардың толық жойылып кету қаупі бар, себебі ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Көптеген жылдар бойы бұл асыл текті жануарлар құмды жерлерде тіршілік еткен, бірақ бұл уақытта мәңгіге созыла қойған жоқ. Бүгінгі күндері олар далалы-шөпті жерлерді мекен етеді. Ауыл араларына кіріп, адам жүретін жолдарды кесіп, көліктер мен жаяу жүргіншілерге жүретін жол қалдырмауда. Дәл сондай ауылдардың бірі-менің Көктерегім. Адам баласы киіктерге залал тигізбегендіктен, олар емін-еркін өмір сүруде, сондықтан да мал өрістерін тұяқтарымен таптап,шөптерін жайпап, малға жаңтақ қалдырмай кетулері кейбір ауылдардың өзекті мәселелеріне айналып отыр, бірақ адамзат не істесін? Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген бұл жануар соншалықты әдемі. Шығаратын дыбыстары, шабыстары ешбір адамға оларға немқұрайлы қарауға “рұқсат” берер емес.
Әлемнің әсемдігі мен даланың ерекшелігін бойына жинап алған ақбөкендерді қырып-жойып жатырған аяусыз адамдарда баршылық. Оларды браконьер деп атайды, яғни, аңшы. Аңшылар бұл жануарларды мүйізі мен еті, терісі үшін өмірлерінен айырады. Кей кездерде мүйізін ғана кесіп алып, денесін бетпақ далаға тастап кетіп жатады. Иә, таң қалмаңыз бұндай оқиғалар әлеуметтік желіде жетерлік.
Қазіргі таңда ақбөкендердің саны өте көп. Бұл қуантатын жағдай, алайда соған байланысты түрлі мәселелер туындауда. Не дегенменде дала жануарының орны далада болуы тиіс. Сонда ғана адам мен жануар тепе-теңдікте өмір сүре алады.
Ақбөкендерді қорғайық, олардың азаюына емес, көбеюіне себепкер болайық, себебі олардың бары біз үшін дақ емес, бақ!
БҚО, Казталов ауданы, Көктерек ЖОББмектебінің 10-сынып оқушысы Қуаныш Мәлика Әлібекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇