Эсселер ✍️
Қазіргі кино саласындағы өзгерістер көрерменнің кино көруге деген сұранысын арттырды ма?
Қазіргі заманда кино-тек бос уақытты өткізудің құралы ғана емес,қоғамдағы көзқарасты қалыптастыратын маңызды мәдени салаға айналды.Соңғы жылдары кино саласындағы орын алған жаңа өзгерістер көрерменнің назарын өзіне аударып,киноны қабылдау мен оған деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтерді.Бұл өзгерістердің көрермен сұранысына әсері қандай?Осы мақалада дәл осы сұрақ төңірегінде ой қозғалады.
Соңғы жылдары киноиндустрияда айтарлықтай өзгерістер орын алды.Жаңа технологиялар,заманауи режиссерлік тәсілдер мен жаһандық трендтер кино туындыларының сапасын арттырып,көрерменнің қызығушылығын қайта оятуда.Бұрын тек кинотеатрлармен шектелген көрермен бүгін онлайн платформалар арқылы қалаған уақытта,қалаған жерінде фильм көруге мүмкіндік алды,Бұл-сұраныстың артуына ықпал еткен негізгі факторлардың бірі.Сонымен қатар,кино саласы жанрлық әртүрліліктегі көрермен талғамын ескере бастады.Тек батыс емес,отандық кинолар да тарихи,драмалық,комедиялық бағытта дамып келеді.Мысалы:"Қазақ хандығы";"Томирис";"Ұлы дала таңы" сияқты фильмдер тарихи сана қалыптастырумен қатар,отандық киноға деген сенімді нығайтты.Оған қоса,сапалы графика;арнайы эффектілер мен актерлік құрамға мән беру де көрерменнің көңілінен шығуға бағытталған.Әлеуметтік желілер арқылы таралатын трейлерлер,пікірлер мен шолулар адамдарды жаңа кинолар көруге итермелейді.Статистикаға сүйенсек,2022 жылы киносеанстарға 17 млн-нан астам адам қатысса,2023 жылы бұл көрсеткіш 21 млн-ға жетті.Бір жыода көрермен саны шамамен 24%-ға өскенін көрсетеді.
Қазіргі кино саласындағы оң өзгерістер көрерменнің сұранысын иек арттырып қана қоймай,оны тұрақты әрі саналы аудиторияға айналдыруда.Кино енді тек ойын-сауық емес,мәдени сұраныс пен ой тудыратын құралға айналды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇