Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2025
429
Ұлы елім, Дана жерім
Ұлы елім, Дана жерім
Ұлы елім – жүрегімнің жырысың,
Сен деп соғар, арманым мен тынысым.
Бабалардың мәңгі өшпес жолымен,
Биік шыңға бастар елдің ұлысың.
Даласында еркін өскен гүл едік,
Тарихыңнан сыр шерткен бір тіл едік.
Тасқа қашап таңба қалдырған бабам –
Мәңгілік ел болуды біз тіледік.
Дана жерім – құтты мекен, асылым,
Сенен алдым мен үміт пен асыл үн.
Жерің – аңыз, елің – өрлік бейнесі,
Сен бар жерде сөніп көрмес ғасырым.
Күн астында көк байрағым желбіреп,
Жасай берсін қазақ елі елді деп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇