Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  177


Автор: Самрат Құскенов

СӨЗ БЕН ІС

Сөз – адамның қасиеті, киесі,
Болса ғана айтар ойдың жүйесі.
Бұл жалғанда үлкен бақыт бола алсаң,
Даналыққа толы сөздің иесі.



Іс – адамның құдіреті, қуаты,
Сәтті болса, ай оңынан туатын.
Өмірдегі тағдырыңды шешуге,
Тәуекел деп белді бекем буатын.



Сондықтан да абайлап бас қадамды,
Бәрінен де биік сана адамды.
Айналамнан көріп жүрміз, сенсіз-ақ,
Сөз бен ісі қабыспаған наданды.



Белсенді көп сөзбен сүйген жұртымды,
Нышанына айналдырып Құртымды.
Бірақ, ісі жараспаған өзіне,
Қызды қорлап, арсыз қылған ұлтымды.



Сөзі – ұлтшыл, ісі – құлдық болатын
адамдарға мемлекетім толатын.
Құдай көріп жұмыстағы бастығын,
Күннен күнге қызғалдақтай солатын.



Сөзден қадір, істен ырыс кеткенде,
Қазақылық болмыс көрге жеткенде.
Төрт құбылаң теңеспейді ешқашан,
Есалаңды бетке ұстар еткенде.



Түңілемін қарап елдің ішіне,
Шынайылық шайтан болып кісіңе.
ШАРШАП КЕТТІМ ӨЗ ҚОРШАҒАН ОРТАМНАН,
ЕШБІР СӨЗІ САЙ КЕЛМЕГЕН ІСІНЕ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу