Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  191


Автор: Самрат Құскенов

МузАРТқа лебіз

 



Музасы – өз халқының ұл-қыздары,
Мемлекеттің жоғалмас құндыздары.
Мейрамбек пен Кенжебек, Сәкен – ұлттың
Маңдайалды жанған шоқ жұлдыздары.



Уақытынан табатын мәнді еліне,
Уәкіл болып сахнаның сәндеріне.
Уықтары боп тұратын шаңырақтың,
Уәжін көптің арқау қып әндеріне.



Заңғарына айналған еліміздің,
Заман білсін қадірін еріміздің.
Зердемізге тоқысақ әрбір әнін,
Зары тұнып тұрғандай жеріміздің.



Аққу әнін жіберсе аспандатып,
Ақ тілегін жолдаған дастандатып.
Армандаған көпшілік қолы жетпей,
Азаматтар саулығы тасқан бақыт



Рух әкеліп қазақтың даласына,
Рауан болған әр үйдің баласына.
Рахатына бөленіп төл өнердің,
Рухани нәр сыйлаған Алашына,



Тыңдарманын қашанда елеңдеткен,
Тарихыңды үш тұлға тереңдеткен.
Таудың мұзарт шыңында қолтаңба боп,
Тұр МузАРТым биіктеп көп еңбекпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу