Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
242
* * *
Ақпан өтіп барады,
Арқыраған,
Уақыт-өзен өлең боп сарқыраған.
Минут санап сырғиды сағаттарым,
Сәт туа ма жұлдызым жарқыраған?!
Жырға бөлеп жүремін өңірімді,
Қалдырса да жерлестер көңілімді.
Тағдырыма айналып кеткендіктен,
Шабыт жоқта сүймеймін өмірімді.
Әр қадамды өзімше белес етем,
Жұлдызға да ат қойып, «Келес» деп ем.
Он бір айды қастерлеп күн кешсем де,
Ғұмырымды ақпаннан елестетем.
Ақыл-санам өткенді ұмытпасын,
Болашаққа тарихсыз құнықпасын.
Шабыт келмей қалғанда күңіренем,
Шабыт келсе, күдіктен үміт басым.
Ақпан өтіп барады,
Елеңдетіп,
Әрбір кітап ойымды тереңдетіп.
Үнсіз жатыр сүйінші хабар жетпей,
Құлағымды алмап ем керең етіп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇