Эсселер ✍️

  09.05.2025
  216


Тәртіп және еркіндік: дисциплина бізге не береді?



Тәртіп және еркіндік: дисциплина бізге не береді?


   Кейде «біздің заман не заман?»  деген ой келеді. Назарынды әп сәтте-ақ өзіне бұрып алуға дайын тұрғандүниеге толы уақыт болды.  Бұрмайын десең, оған ерік-жігер жетпей жатады.  Сонда «біз еркін адамбыз ба?» дегенсауал туындайды.  Егер де біз өзімізді шектей алмасақ, қажырлы еңбекті талап ететін арман-мақсаттарымызғақалай жетпекпіз?


    Не себепті екені белгісіз, адамдарға тәртіп десе төбешашы тік тұрады. Құдды тәртіп адамзат  басындағы бақ-еркіндікті алтын торға қамап қоятындай күй кешеді. Дегенімен, «ғасыр адамы» танылған БауыржанМомышұлының: « тәртіпке бағынған құл болмайды» дегенкешегі айтқан сөзінің жаңғырығы әлі құлағымызда.  Рас, тәртіп деген – ұлы ұғым, оның берер мүмкіндігі де оныңдәлелі. Себебі, біз жете алмай жүрген еркіндік жай ғанатаңдау мүмкіндігі екенін білесіз бе? Ең қызығы, тәуелсізтаңдалған істі әрекетсіз іске асыру мүмкін емес. Дәл осы сәтте бізге керегі де тәртіп. Өйткені, тәртіп-таңдау бойыншаәрекет ету қабілеті.


    Қазіргі уақытта дисциплина өзекті тақырыптардың бірінеайналды. Бұл ұғым барлық саланы тұтас алатынымен де ерекше-ақ. Қарым-қатынас пен денсаулықтан жұмыс пен өзін-өзі дамыту тақырыптарын да қамтиды. Себебі, тәртіптідағды еткен адам әрқашан өз уақытын жоғары тиімділікпенөткізеді.  Қажетсіз ақпарат пен тапсырмаларға толы бұл күнізаманауи адамға ең керек нәрсе де осы.


    Соңғы жылдары дисциплина жайлы жетістікке жеткенжандардың аузынан естіп жатамыз. Мәселен, белгіліфутболшы Криштиано Роналдо былай дейді: «ең бастысы – жұмысқа берілу. Әр күн жаңа сынаққа айналады және сен қанша дарынды болсаң да, тәртіпсіз оның мәні жоқ». Ақиқаты сол, тәртіптің берері-тұрақтылық. Ал, тұрақтыеңбектің нәтижесі қашан да жеңіс. Яғни, тұла бойындағыжаман қасиеттерді жеңіп, жетістікке жету дегенді білдіреді.


    Ең бастысы, Джоко Виллинктің кітабының тақырыбысекілді дисциплина тең еркіндік. Себебі, тәртіптің болмауыхаосқа әкеледі. Тәртіпке бағынған адам басқалардыңжоспарына сай өмір сүрмей, өз қалауын әрекет арқылышынайы өміріне айналдыра алады. Міне, бұлдисциплинаның берер мүмкіндігі.


    Қорытындылай келе, еркіндік пен тәртіптің  етенебайланыста қатар қолданыла алатынына көз жеткіздік. Тек тәртіп бар да еркіндікке жетуге болады. Тәртіптің берері де сол: тұрақтылық, еркіндік пен біз сонша армандайтынжетістік. Сондықтан да біз дисциплинанықалыптастыруымыз керек.Қайткен күнде де , тәртіпжоспарға бағындырса да, өзгеге бағындырмайды. Себеп-жоспарды жасайтын мына өзіміз. Сонда ғана өз өміріміздіңиесі өзіміз болмақпыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу