Эсселер ✍️

  03.05.2025
  220


Адамзатқа ядролық қару қажет пе?

 


    Ядролық қару-адамзаттың ойлап тапқан қауіпті қарулардың бірі. Бір мезетте бір қаланың түбегейлі қиратуға күші жететін бұл қару,сан жетпес адам саны мен тірі ағзаларды тұтас қара құмға айналдырады. Ал,қазақ елі тәуелсіздік алғанан кейін,ядролық қару көмегінен бас тарты.Осындай ықпалды қарудан бас тарту арқылы қандай пайда ,ал қандай зиян алдық?


   Біріншіден,қарудың арқасында сақталған қауіпсіздіктің жағымды жағын жасырмау керек.Алапат елдердің өзін аяқ ұшынан тұрғыза алатын саны бар қарудан ,бас тарту арқылы,сол алапат елдерге жем болуға мүмкіндік аштық.  Ядролық қаруы бар елдерге соғыс ашуға ешбір елдің батылдығы жетпейді. Мысалға алсақ,”Қырғи қабақ” соғысты алсақ. Ядролық қарудың болуы екі елдің сабырлыққа келіп,соғыс ашпауына себеп болды. Қазіргі кезде,Солтүстік Кореяның қоршауында аты шулы атом бомбалары секілді,алапат қару күштері болғандықтан, өзге елдердің шабуылынан өзін осы қарудың иелігімен қорғанып отыр деуге келеді. Мұның өзі,олардың өзге елдерден қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді.Әлде,бұл ядролық технологияны медицинада немесе ғылыми саланың дамуына үлес қосуға көмек беретін құрал-жабдықтар құрастыруға қолдануға болады. Сол арқылы,ғылыми деңгейде өзге елдерден озуға мүмкіндік аламыз. “У-ды у қайтарады” дегендей елге зияннын тигізетін бұл у-ды  дұрыс қолдана алсақ,емдік қасиетіне ие боламыз.


  Ал екіншіден,бұл қару-жарақты ұстаудың өзіндік зардаптарының аз емес екені айқын. Олардың бірі - сол ядролық қарумен күрес немесе оларды сынықтан өткізу кезіндегі зардаптары. Әлемге әйгілі Жапониядағы ядролық жарылыс. АҚШ-тың Жапония еліне ядро атуынан 200 мыңнан астам адам қаза тапса,бір үлкен қала толыққанды қирады. Соның зардабынан,сол аумақта мутация секілді аурулар мен табиғатқа орасаң өз зардабын тигізді. Алысқа кетпей өзіміздегі-“ Барсакелмес” пен”Семей полигондық сынақ алыңын” алсақ. Біреуі ядролық қару жасау кезінді зардап алса ,екіншісі сынық алаңына айналды. Қазіргі күнге дейін екі аумақтың экологиялық мәселелері әлі күнге дейін өз ауқымдығын жоғалатпау да. Бұл аймаққа аяқ басып аттауға ешкімнің құқығы жоқ. Оған қоса,сынақ өткен аумақта дүниеге келген адамдарда мутация белгілерімен немесе ағзаларында ядроның зардабы көрініс табады. Сонымен қатар,ол өлкедегі табиғи зардаптар мен жануарлардың ахауылын сипаттамасақта,олардың жағдайлары күрделі екені сөзсіз түсінікті. Топырақ өз құнарлығынан айырылып,ағаш түгілі қарапайым шөп атауы ол жерге шықпайтын күйге жеткізілді. Жануарлар ол мекеннен қашып,жаңа қоныс тапты. Жануарларда да ,мутациялық аурулар пайда болды. Бұл зардаптардың кішігірім бөлігі ,қаза берсең былықтары қопарлана береді.


  Қортындылай келе,ядролық қару -адам баласының шашын тік тұрғызар ,қорқынышқа орайтын,зұлымдық қару екенін түсіну керек. Бірақ,оны да өз міндетімізге дұрыс қодана алсақ, дамуға да болады. Яғни,қаруды тек өзге елдермен күрес мақсатында емес,ғылымның даму мен медицинаның дамуына үлесін қосуға мүмкін берер екенін ескіру керек. Ал,ол тек біздің қолымызда.


   




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу