Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  66


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

       Көктем  келді

 


Нөсерімен,жаңбырымен,


Қызыл  арай  таң  нұрымен.


Махаббаттың  лебіменен,


Көктем  жылы  желіменен,


Сүйем  сені  мәңгілік  мен.


 


Майдай  жібек  самалымен,


Сұлу  дүние  лала  гүлмен.


Жер  көгеріп  еркелеген,


Диқандарға  ерте  келген


Ырза  болып  қарадым мен.


 


Әнші  құстар  үндері  ашық,


Әлем  бүгін  гүлге  ғашық.


Көктем  келді  бүршік  атып.


Әтір  исін  бұрқыратып,


Көктем  келді  шашу  шашып.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу