Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
159
Сен менің бақытымсың
Сен менің
Кеудемдегі жүрегімсің,
Жүрексіз бұл өмірді сүреді кім?
Шықпайсың күндіз-түні бір есімнен,
Жетпеді ойламауға мүлде күшім.
Сен менің
Сенімімсің, серігімсің,
Сағындым, сағыныштан ерідім шын.
Төрінен жүрегімнің орын алған,
Еркімді баурап алған елігімсің,
Сен менің
Бақытымсың, бағым да сен,
Жазылған тағдырымсың, жарым да сен.
Бір өмір жүргеніңді қалаймын мен,
Қорғаушы періштедей жанымда сен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇