Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  283


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Ғашық болғым келеді

 


 


Ғашық болғым келеді бақытты да,


Еңсеремін мұңдылау уақытты да.


Сағыныштың түссем де мың өртіне,


Төңкеруге дайынмын тамұқты да.


 


Ғашық болғым келеді  ессіз-түссіз,


Шын сезіммен теңіздей шетсіз-шексіз.


Ғашық адам болады мейірімді,


Онсыз өмір қалмай ма дымсыз, нұрсыз.


 


 


Ғашық болғым келеді бауыр басқым,


Мына күйден ешқашан арылмаспын.


Қаңыраған жанымның бұрышына,


Өзің ғана ұя салар қарлығашсың.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу