Сұрақ: Рамазан айында белгілі себепсіз оразаны бұзса, кәффәрат ретінде 60 күн ораза ұстау қажет дейді. Егер адам дінді сақтауды кеш бастаса, көп жылдар бойы ораза ұстамаса, өзінің күнәсін қалай өтегені дұрыс?
- Егер адам Рамазан айында белгілі себепсіз әдейі оразаны бұзса (ас, су ішумен немесе жұбайымен жақындасып қойса), оған өзінің күнәсі үшін кәффәрат (өтемін) жасауы қажет.
Кәффәрат үздіксіз алпыс күн қатарынан (адам бұзған оразаның сол күнінен өзге) ораза ұстаудан тұрады. Егер осы 60 күн ішінде ораза белгілі себеппен тоқтатылса (әйелдерде болатын хайыз немесе нифас), онда қайта бастамайды.Қай күннен тоқтады сол күннен қайта жалғастырады.
Егер адам алпыс күн ішінде ораза ұстай алмаса, мысалы, қарт адам немесе ауру болса, ол онда келесіні жасай алады:
- Күніне екі рет 60 міскінді тамақтандыру.
- Бір міскінді күніне екі рет 60 күн бойы тамақтандыру рұқсат.
- 60 кедей адамға 1,6 кг бидай немесе бидай ұнын (немесе олардың құнын) беруге (немесе бір кедейге 60 күн бойы осы азық-түліктің құнын беруге).
- 60 міскінге 3,5 кг құрғақ құрма немесе арпа немесе немесе олардың құнын (немесе бір кедейге 60 күн бойы осы азық-түліктің құнын беруге).
Міскінді тамақтандыратын ас сол елді мекенде пайдаланатын астың орта деңгейінен шығуы тиіс, оның сапасы тым жаман немесе тым жақсы болмауы тиіс.
Егер мұсылман адам Рамазан уақытында ораза күндерін жіберіп алса, онда кәффарәтсыз қарыз күндерін ғана өтейді (сәйкесінше, егер сіз көп жылдар бойы ораза ұстамасаңыз, сіз қаза болған ораза күндерін есептеп алыңыз және жайлап оларды өтей бересіз, оларды үзбей өтеу міндетті емес).
Егер адам Рамазан оразасын бір күннен де артық бұзса (ас, су ішумен немесе жұбайымен жақындасып қойса), оларға бір кәффарәтпен өтеу қажет (60 күн ораза).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇