Сұрақ: Рамазан уақытындағы әрбір сәждеге (жерге маңдайын тигізу) адам жай уақыттағы мың жарым сәжде сауабын алады және жетпіс мың періште Рамазанда ораза ұстаған адамға дұға тілейді деп айтылған хадисті естіп едім. Олар дұрыс па?
- Жоғарыда айтылған екі хадис имам Байхақының (Алла оны рақымына алсын) «Шу’аб аль-иманда» келтіріледі (№ 3362 хадис) және иснады әлсіз. Сондықтан, осы хадистерді келтіре отыра, имам Байхақы оны басқа белгілі хабарлар қолдайды деп түсіндірген.
Оның (имамның) сөзі келесідей:
الأحاديث المشهورة تدل على ما قد روينا في هذا أو المشاكل معناه
«Осындай немесе жақын мағынаға ие басқа да танымал хадистер бар».
Алляма Мунзири (Алла оны рақымына алсын) да осы хадисті «Таргибте» оның әлсіздігін көрсете отырып келтіреді (2-т., 93-94-б.).
Басқа хабарлар да осы әңгімелерді растайды:
1. Хафиз Ибн Раджаб (Алла оны рақымына алсын) былай атқан әйгілі табиғин Ибрахима Нахаидың (Алла оны рақымына алсын) сөзін жеткізеді:
«Рамазанның бір күн оразасы мың оразадан да (басқа уақыттағы) артық, Рамазандағы бір тәсбих (өзге уақыттағы) мың тәсбихтен артық және осы уақыттағы бір рәкағат намаз (басқа уақыттағы) мың рәкағаттан артық» (Латаиф аль-маариф, 286-б.).
2. Абдуллах ибн Умар (Алла екеуіне де разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқанын келтіреді:
«Алла сухурға тұратын адамдарға ерекше рақымын жібереді және Оның періштелері оған дұға жасайды». («Сахих» Ибн Хиббан, Аль-Ихсан, № 3467 хадис).
Бұл хадисте періштелердің (қандай да бір ерекше саны нақтыланбаған) ауыз бекіткен адамға дұға жасайтыны айтылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇