Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  148


Автор: Еркін Оралбайұлы

АБАЙҒА

 


 


Өлеңін оқып,


Көңілге тоқып,


        Абайдың ұғып даналығын,


Шиырлап жазып,


Сөз түбін қазып,


        Жеткізген сөзбен дала мұңын,   


Ащы да, қатты өлеңі бейне егіз таяқ,


Өсиет сөзі біздерге жеткен "сегіз аяқ."


 


Наданды мінеп,


Əділет тілеп,


        Шындықты қосып жырына,


Әлсізді жақтап,


Бəледен ақтап,


        Ілігіп күшті қырына,


Елінің мұңын көре де білген, дара көз,


Өсиет қылып, білгенін тізген қара сөз.


 


Шабытын ерттеп,


Орысты зерттеп,


        Аударған ұлы Пушкинді.


Өмірді қысқа,


Өткізбей босқа,


        Тағала берген үш күнді.


Сипаттап қосқан, туған жерін өлеңге,


Даналық сөзбен, танытқан елін əлемге,


 


Білім көзін ашып,


Жыр гүлін шашып,


        Қараңғы қазақ төріне,


Өнерді сүйіп,


Шыңына биік,


        Қазақты сүйреп өріне,


Наданды сынап, мұрт түсті деп ұртына,


Үйретпек болған, мәдениетті жұртына.


 


Еркін Оралбайұлы  17.02.2018


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу