Өлеңдер ✍️
АЛДАНҒАН ҚЫЗ
Жаз келіп туған міне маусым айы,
Қызығы осы кездің таусылмайды.
Қалаға арман қуып кеше келген,
Келеді әп-әдемі қыз шырайлы.
Айнала сəулетті үйлер басқа өмір,
Сұлу қыз таңданысын жасырмайды.
Үйреніп қала өмірі бойға сіңіп,
Жүргенді құрбылармен ойнап-күліп.
Танысты бір жігітпен, бірден ұнап
Кезекті құрбылармен тойда жүріп.
Сезбеді ауыл қызы ол жігіттің,
Жүргенін арам оймен айла құрып.
Көрінген ол жігіттің төресіндей,
Жақын боп кетті оған өгейсінбей.
Жүрегін билеп алған махаббаты,
Қоймады сол жігітке көнбесіне.
Ертесі ақ төсекте оянғанда.
Жігітті таппай қалды бөлмесінен.
Қайғыменен біршама айлар өтіп,
Жасыра алмай құрсағы жайлап өсіп.
Не айтады ауылға, ата-анаға,
Оңашада отырды ойға кетіп.
Емханаға бармаққа ниет етті,
Құтылуға баладан байлам етіп.
Басында деген бір ой ел көреді,
Өзінің баласы ғой өлтірмегі.
Ғайыптан сəби даусы естілгендей,
"мені анам қалай қиып өлтіреді".
Сәбиді кінəсі жоқ қимақ болған,
Жас ана есін жиып өкінеді.
Алла өзі күнəдан сақтағанға,
Қуаныштан көз жасын төкті енді.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇