Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  131


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЖҮРЕГІМДЕ БІР СЫЗ БАР

 


 


Жүрегімде бір сыз бар,


Ауру емес құр сыздар.


Бақыт деген байлығың,


Дүниең де онсыз тар.


Қатарынан болдым ба,


Күйбең тірлік мұңсыздар.


 


Көңіл торлап ала бұлт,


Кеудені жеп қара құрт.


Қайғы түбі қасірет,


Деген екен дана жұрт.


Сүйгенің бар армандар,


Көңілге бұны пана тұт.


 


Кеуде жанып өртенген,


Мұны сезгем көптен мен.


Қайғысыз өткен ғанибет,


Өмір жолы өткелден.


Ынтық қылып жүректі,


Өзің неткен көркем ең.


 


Ұйқы қашып, таң атып,


Жүрек күйіп жанатын.


Өтпей сенсіз əр күнім,


Түгесіліп тағатым.


Адам бар ма түсініп,


Жан сырымды ұғатын.


 


Есімде қал мəңгілік,


Жүрейін сені əн қылып.


Көрмегелі жүзіңді,


Қалғандаймын мəңгіріп.


Шыдармын да көнермін,


Ет жүректі қан қылып.


 


          Еркін Оралбайұлы


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу