Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  94


Автор: Еркін Оралбайұлы

СҮРЕЙІК ӨМІР ЛАЙЫҚ

 


 


Өмірді сүйіп,


Жүрекке түйіп,


          Қолыңды созып бақытқа,


Қайғыға ұйып,


Шаттықты қиып,


          Бағынып кейде уақытқа,


Арман қылып бақыт деген тұғырды,


Жанталаспен өткіземіз ғұмырды.


 


Ұмтылып алға,


Тіреліп жарға,


          Бойды ұсынбай тағдырға,


Бақытты іздей,


Күдерді үзбей,


          Отырсақ дағы тақырға,


Келсе де тура, гүл орнына күл кешуге,


Тырысамыз біз өмірмен күресуге.


 


Қайғыны жинап,


Жаныңды қинап,


          Жүректі кетсе кір үгіп,


Алладан тілеп,


Сыбанып білек,


          Əр күннен күтіп бір үміт,


Сүрініп жүріп кедергіге шалдыға,


Сүреміз өмір, сеніммен қарап алдыға.


 


Қысқа да, келте,


Кейде үзілер ерте,


          Өмірді сүріп лайық,


Тыныш боп заман,


Отбасы аман,


          Бақыттан тек жылайық,


Үмітпен қарап əрбір атқан ала таңға,


Қадірлейік бақытты салып алақанға.


 


Еркін Оралбайұлы 2018 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу