Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  381


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӘЗ НАУРЫЗ

 


 


Қазағыма əз наурыз төл мереке,


Өзен тасып суға толған көл береке.


Күн ұзарып аяз кетіп көктем келер,


Осы айда күн мен түн тең келет те.


 


Қадірлейік наурыз айын лайықтап,


Ширк деп кейбіреулер жүр айыптап.


Көрінген бір қаңқу сөзге ере бермей,


Мойыныңды төл тарихқа бұр байыптап.


 


Кеңес кезі наурызды жоғалтқанбыз,


Ата-баба салтына біз оқ атқанбыз. 


Билік беріп елімізде орыстарға,


Салт- дəстүрді кедергісіз тонатқанбыз.


 


Тойлатпаған ескі діннің қалдығы деп,


Тоқтатсын деп, жоғарыдан жарлығы кеп.


Шахановтай ағамыздың арқасында,


Жарты ғасыр өткен соң жаңғырды тек.


 


Қазақ елін еркін өскен текті ел дейік,


Дабырамен босқа өмір өткермейік.


Көңіліне жағу үшін басшылардың,


Киіз үйлер тігуден тек шектелмейік.


 


P/S:


Бір тойғанға мəз болмайық аталаға,


Сияқтанып жетім өскен шата бала.


Тойлайықшы дүрілдетіп ұлы күнді,


Жаңғыртып салт-дəстүрін ата-баба.


 


Еркін Оралбайұлы 21.03.2018


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу