Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
303
1 - МАУСЫМ
Маусым басы балалар, сəби күні,
Бала жайлы жүрекке əн үйірілді.
Балалы үй базар деп əрбір үйде,
Үзілмесін сыңғырлы, əлди үні.
Еліміздің балалар болашағы,
Баламен ғой бақыттың толар шағы.
Басталады Отан да от басынан,
Тəрбиесі ата- ана жол ашары.
Адамзаттың кетсе де өсіп шыңы,
Желі соқсын мейірім есіп жылы.
Бүлдіршіндер көбейіп елімізде,
Әр отауда жырлансын бесік жыры.
Құралайдай енесі ерте кеткен,
Немере өссін анасы еркелеткен.
Балаларға тілейік шаттық өмір,
Жыласын деп тек қана еркеліктен.
Еркін Оралбайұлы 1.06.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇