Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
184
Разия досыма
Мойымаған тағдырдың тəлкегіне,
Мінез біткен бойына тəн керімге.
Толқынына өмірдің қарсы жүзген,
Құлаш сермеп арайлы таң көгіне.
Сан алуан тағдырдың сыйы мына,
Сынақ көздің іліксең қиығына.
Қиындыққа шаршамай Разия дос,
Жалғыз салып бар жүкті иығына.
Жан серікті өмірде қиясың ба?
Қысқа өмір береді кей асылға.
Кетсе де ерте өмірден отағасы,
Екі қызын қондырған ұясына.
Сөздің терең мән беріп мəйегіне,
Келін болдың ибалы, сай еліңе.
Қиындыққа жасымай қайраттанған,
Бас иемін сендей қазақ əйеліне.
Еркін Оралбайұлы 29.05.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇