Өлеңдер ✍️
ХАРАКЕТ ҚОРЫ
Ер бақыты болса үйде ибалы жар,
Берекесіз отбасының үй маңы жар.
Көпшілігі отбасынан артылмайды,
Адам ғана елді ойлайды иманы бар.
Көбі жүрсе өз басынан əрі кетпей,
Бөтен адам жағдайларын керек етпей.
Халқым деген азаматтар іс бастады,
Қорды ашып сауабы көп харекеттей.
Жетім жебер, ата-баба жолын басып,
Іс бастады Харекеттей қорын ашып.
Әр ай сайын отбасына бір баспана,
Қолдау берсе азаматтар қолы ашық.
Садақаның мол сауабы киесінде,
Қаншама үй тапты міне иесін де.
Үкіметтен бөлек елге үй беретін,
Тағы да бір үй тігілді - үй ішінде.
Мырзалықтан бұл қазаққа кім тең келген,
Садақасыз əрбір өткен күн кем деген.
Болар еді кер бұлақтай теңіз толған,
Əрбір адам жылу берсе мың теңгеден.
Десек дағы басшылардың бəрі жемес,
Бос уəделер халыққа ол дəрі емес.
Ризамыз біз Харекетке қолға алған,
Үлкен істі үкіметтің əлі келмес.
Еркін Оралбайұлы 24.06.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇