Шығармалар ✍️
Жасанды интеллект қауіп пе, мүмкіндік пе?
XXI ғасыр - технологиялардың даму шыңына жеткен кезең. Күн өткен сайын, технологиялар саласында үлкен жетістіктердің саны артуда. Атап айтатын болсам, жасанды интеллект, робототехника, биотехнология және цифрлық жүйелер бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Жасанды интеллект (ЖИ) — адам миының жұмысын имитациялайтын компьютерлік жүйе. Қазіргі уақытта, жасанды интеллект адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып кетті. Оған себеп Жасанды интеллектты адамдардың кез-келген бағытта қолдана алуы, оны өз пайдасына жүзеге асыруы. Сонымен қатар, көптеген кәсіпорын ЖИ-ді бизнес процестерін оңтайландыруға пайдаланады. Өндіріс орындарында роботтандырылған жүйелер еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтуға көмектеседі. Алайда, Жасанды интеллект: қауіп пе, мүмкіндік пе?
ЖИ көптеген мүмкіндікке жол ашатын жаңа жүйе. Адамның сұрағына ғана жауап беріп қана қоймай, кез келген салада өз пайдасын бере алады.
Біріншіден, білім беру саласында үлкен рөлге ие. Елімізде қаншама білім беру жүйесі ЖИ арқылы өз қызметін тиімді атқаруда. Кішкентай баладан бастап ересек адамдарға дейін білім алуға мүмкіндік қарастырылған. Мысалы, Қазақстандағы «BilimLand» платформасы ЖИ-ді пайдаланып, оқушылардың білім деңгейін талдайды және соған сәйкес қосымша оқу материалдарын ұсынады. 2020 - 2022 жылдар, Карантин кезеңінде бұл платформаны қолданушылардың саны артты. Себебі, ЖИ онлайн білім алу бағытында өз пайдасын тигізді.
Сонымен қатар, Duolingo қосымшасы ЖИ көмегімен пайдаланушыларға жеке тіл үйрену бағдарламасын ұсынады. Ол әр адамның оқу деңгейіне сәйкес тапсырмаларды автоматты түрде реттейді. Өсы кезекте жеке өзім осы қосымшаны пайдаланушылардың қатарынанмын. ЖИ арқасында ағылшын тілін үйрену оңай.
Екіншіден, Өндіріс пен бизнес саласындағы пайдасы біршама. Түрлі компанияларда адам қызметінің орынын басып, түрлі қызметті атқарушы. Жұмыс сапасын арттыра алады. Роботтардың пайда болуы олардың қызметінің жүзеге асырылуы ЖИ көмегімен.
Мысалы, Amazon компаниясы қоймаларында роботтарды пайдаланып, тауарларды сұрыптауды автоматтандырды. Бұл жұмыс жылдамдығын арттырып, шығындарды азайтады.
Үшіншіден, Медицинада: ауруларды ерте анықтау
Мысалы, IBM Watson Health жүйесі үлкен медициналық деректерді талдап, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Бұл дәрігерлерге диагноз қоюда дәлдікті арттырып, пациенттерге тиімді ем тағайындауға мүмкіндік береді. Пайдасы: ЖИ арқылы ауруларды ерте анықтау өмір сүру мүмкіндігін арттырады және емдеу шығындарын азайтады.
ЖИ адам өмірінде ерекше орынға ие болғанымен, оның зияны жоқ деп айтуға келмейді. Себебі, әр нәрсенің екі жағы бар. Демек, жақсы жағы болса, жаман жағы да міндетті түрде болады. Пайдасын біліп алған соң, кемшіліктері бар екенін қабылдау қиын болар. Бірақ, бар екені айдан анық.
Біріншіден, адамдар арасындағы қарым қатынастың нашарлауына алып келеді. Себебі, біз онсыз да, ғаламтордың торындамыз, ал ЖИ адам өмірін жасанды өмірге айналдырады. Коммуникация азайып, адамдар бетпе-бет қарым-қатынас жасаудың орнына, виртуалды әлемге тәуелді бола бастайды. Бұл әлеуметтік дағдылардың төмендеуіне, эмоциялық байланыстың әлсіреуіне және жалғыздықтың артуына әкелуі мүмкін.
Екіншіден, Көптеген салада ЖИ адам еңбегін алмастырып, жұмыссыздық деңгейін арттырып жатыр. Бұл әсіресе қарапайым және орта деңгейлі мамандықтарға әсер етеді. Мысалы, Автоматтандырылған кассалар супермаркеттерде кассирлерді алмастыруда. Автономды көліктер жүргізушілердің жұмыссыз қалуына себеп болуы мүмкін. (Tesla, Waymo)
Үшіншіден, ЖИ деректерді өңдеуге және адамдардың әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жеке өмірдің құпиялылығын бұзып, бақылау қоғамына әкелуі мүмкін. Сондықтан, жеке ақпараттарды таратудан сақ болу қажет. ЖИ Google және Facebook пайдаланушылардың жеке мәліметтерін жинап, жарнама мақсатында қолданады.
Қорытындылай келе, жасанды интеллект – бір жағынан пайдалы, екінші жағынан қауіпті. Ол өмірімізді жеңілдетіп, медицина, білім, өндіріс сияқты салаларда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Бірақ сонымен қатар, жұмыссыздықтың көбеюі, адамдар арасындағы қарым-қатынастың әлсіреуі, жеке өмірдің бұзылуы сияқты мәселелерді де тудырады.
Ең бастысы – ЖИ-ді ақылмен және жауапкершілікпен пайдалану. Егер оны дұрыс бағытта дамытып, бақылаусыз қалдырмасақ, ол бізге үлкен мүмкіндік береді. Ал егер шектен тыс қолдансақ, оның зияны пайдасынан көп болуы мүмкін. Сондықтан маңыздысы – адам мен технология арасындағы тепе-теңдікті сақтау.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2 курс студенті Длимова Жасмина Алибековна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇