Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
292
САҒЫНЫШ
Болсам да үйде,
Көңілсіз күйде,
Отырмын сені сағынып,
Өзіңді ойлап,
Жүректі бойлап,
Сезімім жыр боп ағылып,
Сағынып сұлу бейнеңді.
Жүрегім сыздап иленді.
Тек сені сүйіп,
Жүрегім күйіп,
Таң аттырдым көз ілмей,
Сезімнің биік,
Қамытын киіп,
Кездестім жанға өзіңдей,
Ойласам аңсап сүйгенді,
Жабырқау сезім күй жеңді.
Күн ұзақ өтпей,
Төзімім жетпей,
Көргенше сені ғашығым,
Оңалмай өң бір,
Құлазып көңіл,
Біле алмай сырдың ашығын,
Көңілім мұңды күйге енді,
Көрсем деп сезім күймеңді.
Еркін Оралбайұлы 16.02.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇