Өлеңдер ✍️
АЙҒА ТЕҢЕП
Айға ұқсатып сенің сұлу бейнеңді,
Жүрегімді нəзік сезім күй жеңді.
Толықсыған айды көрсем сені ойлап,
Жан дүнием тəтті де бір күйге енді.
Түсіме де сұлу бейнең жиі енді,
Ет жүрегім сағыныштан иленді.
Сен сияқты менен ұзап ару ай,
Əлде ұялып, өткір көзден именді.
Өлең арнап, айға теңеп сүйгенді,
Сағыныштан ет жүрегім күйгенді.
Үміт етіп, сенен күтіп мен жүрмін,
Ағытсаң деп сезім атты түймеңді.
Өте ме өмір сағынышты күйде енді,
Ұмыттырып күнделікті күйбеңді.
Жалғыз арман қалған осы өмірде,
Бірге мінсем өмір атты күймеңді.
Ет жүрегім сені өзіне тең көрді,
Саған арнап көкіректен кең төрді.
Жерде жүрген ару айға қол жетпей,
Мүмкін тағдыр өмірімді кем өрді.
Осылайша күн артынан күн келді,
Тарқатама шыда деген үн шерді.
Аттай тулап жүрек кеуде соғады,
Еске алсам сол бір айлы түндерді.
Еркін Оралбайұлы 12.03.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇