Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  96


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЖҮРЕКТІ КЕЙДЕ ЖАРАЛАП

 


 


Тербетсе адам жанын бақ,


Жүректе сезім жағылмақ.


Сабыр қыла алмассың,


Жүрегің тұрса жалындап.


 


Қалардай бірде арандап,


Күндерің өтер алаңдап.


Ішіңді өртер күйдіріп,


Сезімнің оты жалаңдап.


 


Іштарлық етіп сараң бақ,


Жүрекке салып жараң дақ.


Қызық қалмас өмірде,


Тұрғандай бәрі қараң қап.


 


Өмірді сәндеп бояулап,


Махаббат неткен аяулы ат.


Жетпесе қолың ғашыққа,


Күндерің өтпес баяулап.


 


Зат емес сезім саған жат,


Қадірін білсең бағамдап.


Бір сәтте кіріп жүрекке,


Қусаң да шықпас тағандап.


 


Жүргендей кейде алалап,


Жаныңды қинар жаралап.


Махаббат мұңы өзгеше,


Түсіне алсаң саралап.


 


Еркін Оралбайұлы  29.10.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу