Өлеңдер ✍️
ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ
Өмірде бар күресім,
Ала алмаған үлесім.
Түсінбеген жан болса,
Мейлі мені мінесін.
Босқа өтсе өмірің,
Тобырға қара ілесіп.
Тоқмейілсіп барына,
Мəнсіз өмір сүресің.
Кейде өмір шаршатар,
Қатырып жан сілесін.
Бергеніне шүкір деп,
Оған да үнсіз көнесің.
Ешкім де жоқ мəңгілік,
Оттай бір күн сөнесің.
Жақсы еді дер артыңнан.
Пайдасы не өлгесін.
Босқа өмір өткенше,
Кінəлаумен сөккенше.
Пайда тиер іс жаса,
Өлімнен хабар жеткенше.
Аз ғұмырың қалғанда,
Таусылып дəм жалғанда.
Шығады екен бар күнə,
Алла алдына барғанда.
Бәрі де, бəрі кеш болар.
Істегенің еш болар.
Сұрағына түскенде,
Ешкім болмас еске алар.
Сондықтан түзе өзіңді,
Ойланып айтқын сөзіңді.
Күнəға тартар дүниеден,
Сақтап жүргін көзіңді.
Иман түзеп, таза жүр,
Сабырлы болғын төзімді.
Иманға келгін, ойланып,
Ертеңгі күнді ойға алып.
Істерді арам тастағын,
Қалмаған саған байланып.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇