Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  142


Автор: Еркін Оралбайұлы

БЕС ПАРЫЗ

 


 


Алланың міндеттеген бес парызы,


Міскіннің ұстамаған кеш арызы.


Жүректе иманы бар əр адамның,


Болмайды ақыретте еш қарызы.


 


Адалдық мұсылманның мол еншісі,


Жамағат бірге болса, сол ел күші.


Алладан басқа тəңір жоқтығы хақ,


Ал Мұхаммбет Алланың ол елшісі.


 


Намазға парыз қылған есі теңді,


Күнәлар оқымасаң еселенді.


Дәретпен намаз оқып таза жүріп,


Алып жүр Алла берер несібеңді.


 


Тозақта күнəһарлар күйетіні,


Құранның ескертіпті кие тілі.


Таратып садақаны, зекет беріп,


Жинап жүр сауабыңды тиесілі.


 


Сәжде ет, Алла есімін тағы ұлықта,


Тағала кешірімшіл лажы жоққа.


Алла өзі парыз еткен мұсылманға,


Ғұмырда бір баруды қажылыққа.


 


Болғандай бір ай бойы араз асқа,


Мойынға іліп жүрме қарыз босқа.


Әр-Райян есігінен кірем десең,


Ниет ет, рамазанда ораза ұста.


 


Еркін Оралбайұлы 12.06.2018.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу