Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  88


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЖАРАТЫЛЫС

 


 


Шығатындай жас сəбидің сосын тісі,


Жаратқанның көп түсінбес тосын ісі.


Біреу білсе, біреу білмес бұл өмірдің,


Екенін де мың құбылыс қосындысы.


         


Алла бізге қараңғы түн, күн сыйлапты,


Қайта келмес өмір өтсе, кім тыя апты.


Ағып кетер саусағыңның арасынан,


Уақыт- мезгіл сусылдаған құм сияқты.


 


Түсіне алар жан бар ма, сол бір гəпті,


Жан-ау, шіркін, адам қимас ол бір тəтті.


Көзді ашып-жұмғаныңша уақыт келер,


Бағалайық бұл өмірде əр бір сəтті.


         


Өмір бейне теңіз суы тасып жатқан,


Көк мұз болып кей жүректі басып қатқан.


Қызықтары бұл өмірдің өте қысқа,


Күн сияқты көк жиекті асып батқан.


 


Жүргеніңде кеуде керіп құлға күліп,


Өмір өтер ағын судай жылға тіліп.


Ажал келсе бар қызығың, бір-ақ күнде,


Көк теңіздей кетер құрдым, құмға сіңіп.


         


Көп сөйлесең лепіріп кеп, желдей есіп,


Ғайбат айтып, біреулерді жерлей тесіп.


Ағат кетсең, кешірімді ала алмассың,


Кінə тапқан қызыл тілді бермей кесіп.


 


Əрбір сөзің қара желдей дала кезер,


Адал жанның ет жүрегін жала езер.


Жара салсаң жүректерге бəрі де кеш,


Болғаныңмен кешіргін деп ала безер.


        


Уақыт бұл- құм, өмірің-су, сөз- жел десек,


Жамандықты тек қана көздер есек.


Осы үшеуін байқамасаң, саз балшыққа,


Айналдырып алармыз біз өзгермесек.


 


Еркін Оралбайұлы 15.05.2019




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу