Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  132


Автор: Жібек Ысқақова

АҚЫН АРУ, ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰРМАНАЙЫ!

Суыт хабар жанымды жаралады,
Кең даламды қайғы-мұң аралады.
Ақын ару Қазақтың Құрманайы,
Жанымызға өлең боп таралады...!
Мейрімділік көруші ек жанарынан,
Жырлары көп төгілген қаламынан.
Ақын ару Қазақтың Құрманайы,
Жыр есетін әр басқан қадамынан...!
Жалған өмір, көрсетті-ау, жалғандығын,
Бір-ақ сәтте солды-ау, арман гүлім.
Ақын ару Қазақтың Құрманайы,
Өткен күн боп, тарихта қалған бүгін...!
Жо-жоқ, тірі... Оқылар өлең болып,
Тамыры бар... Жайылған терең болып.
Ақын ару, Қазақтың Құрманайы,
Ұмытылмас есімі... Сенем толық...!.
Жүз жасайды баурап алар үнімен,
Мыңды асайды адуынды жырымен.
Ақын ару, Қазақтың Құрманайы,
Өзіңізге жыр арнадым бүгін мен...!
Есімізде қаласыз жырға айналып,
Айтылмаған, бітпейтін сырға айналып!
Ақын ару, Қазақтың Құрманайы,
Жүректерде өлең боп тұр жайқалып...!
29.10.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу