Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  2922


Автор: Жібек Ысқақова

РЕСПУБЛИКА КҮНІ БҰЛ

Қайта келген бағыма,
Қуат берер жаныма.
Республика күні бұл,
Мінген мейрам тағына.
Таңғажайып сәт берген,
Азатты күн ап келген.
Республика күні бұл,
Орын алған қақ төрден.
Көп білеміз сыры да,
Ән де айтылар, жыры да.
Республика күні бұл,
Тойлайтын біз жұмыла.
Жарық көрдім жүзіңнен,
Бірге келген күзіммен.
Республика күні бұл,
Тарих қалған ізінен.
Жақсылармен жайғасар,
Жақсылықты ойласар.
Республика күні бұл,
Тәуелсіздік тойды ашар...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

03.11.2025 12:57
Маған ұнады
Ақкербез
Ақкербез 02.11.2025 23:22
Қатты ұнады ???
ақнұр
ақнұр 23.10.2025 21:41
кайффф күштіі
Айсана
Айсана 22.10.2025 23:51
Өте әсерлі және зор жазыпсыз!
Әлия
Әлия 20.10.2025 14:28
Күшті мен жатап алдым Күшті ғой мынау
Бақдәулет
Бақдәулет 20.10.2025 11:21
Ұнады зор күшті

Пікір жазу