Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  115


Автор: Жібек Ысқақова

ЖАҢА ЗАМАН МҰҢДАРЫ

Жаңа ғасыр, жаңа заман кеп жетті,
Бірін толық енді бірін кем де етті.
Технология дамығанмен күн-күндеп,
Түсініксіз кейбір жайлар сенделтті...!
Көңіл қошы болмайтын көп адамдар,
Кері әсерін беретін көп тағамдар.
Денсаулыққа зиянды зат көбейді,
Күйін беріп болашаққа алаңдар....!
Екі жиырма келгенде ашып есіктен,
Вирус келді Коруналы өсіп кең.
Қаншама адам құрбанына айналды,
Шақта сол бір жан ауырып, есіткен...!
Өзгеруде бүкіл ғалам, әлемің,
Шарқ ұрасың, таба алмайсың жан емін.
Бір-біріне жатқа айналған пенделер,
Отбасында салып сарсан, әлегін...!
Қызғаныштың артып күші күн дейін,
Жанұялар шайқалуда, күнде үйім...
Ұрыс, керіс әсерінен ашудың,
Солуда көп аруларым гүлдейін...!
Кей ананың бүгінде күйі болмай,
Балаларын опат қып жатыр оңай.
Әкелер жүр баласын жетім етіп,
Ұрпағынан баз кешіп, жатырқап-ай...!
Тіл алмайтын Әкенің, ұлдарың жүр,
Тыңдамайтын Анасын, қыздарың жүр.
Қарттарың жүр жат болып өз үйіне,
Ащы өмірдің сезініп ызғарын бұл...!
Баурап жатыр жастарыңды жат ұйым,
Боп жатқандай ойланатын сәт қиын.
 Мұның бәрі ғаламтордың әлегі,
Ұмыттырған адамдарға басты үйін...!
Түрлі топтар ашылуда баурайтын,
Тәтті сөзбен жастарымды алдайтын.
Бұл топтардың соңы жолға апарар,
Өз-өзіне қол жұмсауды таңдайтын...!
Кездесуде жігіттер мен жігіттер,
Санамызды жайлап түрлі күдіктер.
Арулар да осындай жол табуда,
Ішімізден шығып түрлі бүліктер...!
Жетімдер мен жесірлердің күйлері,
Түссе есіме жанымды ине түйреді.
Баспанасыз, үйсіз жүрген жандар көп,
Жалдамалы пәтер болып үйлері...!
Зейнетақы көбеюде білеміз,
«Көбейді» деп амалсыздан күлеміз.
Ертесіне азық-түлік өседі,
Сосын тағы қарызданып жүреміз...!
Теледидар жаңалығы, ғаламтор,
Орман жанып, болып жатқан далам қор.
Адамдардың шығындары қаншама,
Боп жатқандай жаңа заман жаман тор...!
Айтпасақ та, көп қой көлік апаты,
Қосылды оған қаншама әуе опаты.
Көз алдымда өтіп жатқан өмір-ай,
«Қаралы күн», «жаралы күн» боп аты...!
Бұл айтқаным жаңа заман мұңдары,
Жанды жейтін көлеңкелі қырлары.
Болмаса екен елімізде бұл жайлар,
Биік болып адамдардың құндары...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу