Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  173


Автор: Жібек Ысқақова

АЛҒАШҚЫ АЛТЫН ҚОРЖЫНДА

Олимпиада төрт жылда бір келеді,
Бағы жанған ең мықты тіркеледі.
Алтын, күміс, қоланы тағынып ап,
Жеңімпаздар байрақты көтереді.
Міне сол сәт, ағайын, орын алды,
Дзюдошы Сметов тобын жарды.
Көк туымыз желбіреп биік шыңнан,
Әнұраны Қазақтың орындалды.
Бұл әрине қоржында алғашқы алтын,
Сақтайықшы Елдостың осы қалпын.
Орындалсын Әнұран кемі он рет,
Спортшылар үстем боп шама-шарқың.
Құтты болсын алғашқы алтын елім,
Ақтады ұлы елінің қылған сенім.
Жұлдыздай боп жарқыра, Спортшылар,
Алтын, күміс, қола боп тұрған жерің.
Тілеулеспіз, тек алға, бізден тілек,
Лүпіл қағып соғады бірге жүрек.
Күнде медаль алсыншы Қазақстан,
Алтын, күміс қоланы белден күреп…
28.07.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу