Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
53
СЕН АРТЫҚСЫҢ БАСҚАДАН
Желбірейді көгінде Қазағымның,
Күн күлімдеп, тербелген, көк байрағы.
Қалықтайды қыраны алтын қанат,
Бейбіт құсы елімнің боп айғағы.
Елтаңбамыз әдемі көрік берер,
Бейнеленген пырақты, қос қанаты.
Шаңырағы қазақтың биікте боп,
Топ жарады бәйгеге қосқан аты.
Әнұраным айбынды, рухтандырар,
Әлдилеген әнінен дем алатын.
«Елім менің» сөзімен «Жерім менің»
Көрсететін ғажайып жер жәннатын.
Рәміздері елімнің төл құжаты,
Қазақстан Отаным, елім менің!
Бар әлемді тәнті етіп, таң қалдырған,
Сен артықсың басқадан, жерім менің!
Көңілдері көл көсір, баурап алар,
Бақыттымын осындай елде туған!
Қазақстан айнымас құт мекенім,
Бақыттымын өзіңдей жерде туған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇