Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
140
ӨМІР-АЙ, СЕН, ҚАНДАЙСЫҢ?!
Өмір-ай, сен қандайсың?
Арайлы атар таңдайсың.
Баурап алар өзіне,
Бір ғажайып жандайсың.
Өмір-ай, сен, қандайсың?
Әрбір күнге қамдайсың.
Мұң жайлаған көңілді,
Жарық етер шамдайсың.
Өмір-ай, сен, қандайсың?
Үмітімді жалғайсың.
Жақсы көрем өзіңді,
Тәп-тәтті сен балдайсың!
Өмір-ай, сен, қандайсың?
Қыран құстай самғайсың.
Қайғылансақ біздер көп,
Бар жақсыңды арнайсың.
Өмір-ай, сен, қандайсың?
Қыста жауар қардайсың.
Сездіріп-ап ащыны,
Тәтті беріп алдайсың.
Өмір-ай, сен, қандайсың?
Жайма шуақ жаздайсың.
Бүгін барсың, ертең жоқ,
Ұшып кетер қаздайсың?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇