Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  196


Автор: Жібек Ысқақова

ТЕЛЕФОНСЫЗ КҮНІҢ ЖОҚ

Телефонның заманы,
Соған қарай адамы.
Шәй ішсек те телефон,
Қарамаймыз баланы.
Балада да телефон,
Далада да телефон.
Миымызды жаулаған,
Санада да телефон.
Пайдасы бар телефон,
Қайдасы бар телефон.
Ғаламторда кей жанның,
Ойнасы бар телефон.
Телефонсыз күнің жоқ,
Телефонсыз күйің жоқ.
Жанымыздың бөлшегі,
Телефонға бейім көп…
Телефонмен таң атар,
Телефонмен күн батар.
Күн жеткендей, телефон,
Өзін ғана тыңдатар…
Жақын еткен алысты,
Көрнекті етер табысты.
Телефонсыз күн қараң,
Бақылайтын әр істі.
Зияны бар телефон,
Қиялы бар телефон.
Қалтасында әр жанның,
Ұялы бар телефон!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу