26.01.2025
  70


Автор: Қуаныш Ермахан

Қарным барына мақтанамын...

 


Байқасаң, жастар үйленгенге дейін жинақы болады. Яғни дене бітімдері туралы айтып тұрмын. Қызда да, жігітте де артық салмақ болмайды, болса да, аз болады.


Бірақ үйленіп алған соң, +- бір жылда жігіттердің қарны шығып жатады, немесе қыздардың артық салмағы пайда бола бастайды 


Тұқым қуалайтын салмақ бұл деп ақталатындары да бар. Жас жігіттің қарны шығып, онымен еще мақтанатыны, риза болатындары бар, бірақ ол шынымен мақтанатын көрініс пе? Жасы жетпей қарынбай болып, не жүгіре алмай, не турникке тартылғаны былай тұрсын, іліне алмай, түнде төсекте де 2-3 минуттан асса отдышка ұстап, шаршап, шалдығып тұрғаны мақтанатын нәрсе емес.


Тура солай қыздарда бала туған соң, үйде отырған келіншектер де салмақ қосып жатады. Гормондар, после родовой дегенді айтпағанда, жалпы қолы босаса аузы тамақтан тиылмайтын қыздар да көп екен. Тамақ жей беруінің себептері де көп қой, бірақ еркек адам өз әйелінің фигурасына азды-көпті көркем түрде сын көзбен қарап тұрмаса, әйелі де артық салмақты норма деп қабылдай бастайды. Сосын бір-біріне айта алмай, көңілдері толмай жүрген екі адам. Түсініп тұрсың ба әңгімені? 


Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да Айша анамызбен жүгіріп, жарысып ойнайтын болған, Айша анамыз өз бабында болғанда Пайғамбарымыз қалып қоятын, ал сәл салмақ қоса бастағанда Пайғамбарымыз озып кететін болған екен, және осылай ишарамен салмақ қосқанын білдірген екен (көркем түрде, орынды).


Демек біз үйленге дейін де, кейін де арғымақта артық ет болмайды демекші, өз деңгейімізде артық салмақтың болмауын, дененің сау болуына талап қоя білуіміз қажет, бауырлар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу