25.11.2024
  849


Автор: Қазақ әдебиеті

«Қобыланды батыр» жыры

 


 


 


«Тақырыбы: Қобыланды батырдың ерлігі


«Идеясы: Жері мен елін сыртқы жаудан қорғау, осы жолда ерлік көрсеткен ер-азаматтар-дың батырлық істерін көрсету.


«Жанры: Эпос (батырлар жыры)


 


«Композициялық талдау:


Басталуы: Қобыланды батырдың дүниеге келуі Байланысуы: Қобыланды мен Құртқа қыз Дамуы: Тайбурылдың тууы, өсуі


Шиеленісуі: Қобыланды мен Қараман батырдың жорыққа аттануы


Шарықтау шегі: Екі батырдың Көбікті хан еліне жасаған шабуылы, Қарлыға қыз Шешімі: Қобыландның Алшағырды жеңіп, елін жаудан азат етуі


 


«Кейіпкерлері: Қобыланды – негізгі кейіпкер


Аналық пен Тоқтарбай – Қобыландының ата-анасы Қарлығаш – Қобыландының қарындасы


Естеміс – Тоқтарбайдың жылқышыларының, тоқсан құлының бастығы


 


Көктім аймақ – Қызылбас елінің ханы


Құртқа – Көктім аймақ ханның қызы, Қобыландының сүйген жары Қызыл ер – Қызылбас елінің батыры


Қазан – Қызылбас елінің батыры


Сейілдің ұлы Қараман – Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы күресетін батыр Алшағыр – қалмақтың ханы


Тайбурыл – Қобыландының тұлпары Көбікті – хан


Қарлыға – Көбікті ханның қызы


 


«Маңызды деректер:


Тоқтарбайдың жасы 80-ге, Аналықтың жасы 50-ге келгенде Қобыланды мен Қарлығаш дүни-еге келеді.


Қобыланды бала күнінен ерекше болып өседі: «...Өзі алты жасында / Кәмшат бөркі басында, / Тобылғы торы ат астында, / Қаршығасы қолында, / Тазысын ерткен соңында...»


Арыстан туған Қобыланды алты жасында қазынадан қамқа киген.


Алты жасында атқа мініп, беліне садақ байлайды, күнде киік аулайды, кейін «Ай астындағы теңгені екі бөліп ұшырып», Құртқаға үйленеді.


Қобыланды батыр үйде емес, түзде, далада шынығады. Оны әкесі Тоқтарбайдың Естеміс де-ген ері баулиды: «Тоқтарбайдың жылқыда / Тоқсан құлы бар еді. / Тоқсанының бастығы, / Естеміс деген ер еді. / Қобыландыны барғасын / Естеміс ерің баулиды.»


Тоқтарбайдың жайлауы - Көздікөл, қыстауы - Қараспан. Руы - қыпшақ. Қобыланды батырға лайық тұлпардың келген жолы: Құртқаның көрегендігімен қалап


алынады.


Тайбурылды ерекше күтімге алған ару қыз, батырдың жары бурылдың тұяғын жерге тигізбей, алтын тонға орап баптаған адам: Құртқа


Қобыландыны Қызылбастың еліне, Құртқа қызға жібергісі келмей, тоқтау салған адам: Естеміс // Қызылбас елі: Иран елі


“Қазақтың ері келді,” - деп, Қобыландының айбатынан сескеніп, кезек берген хан: Көктім Аймақ.


«Ерлер жаннан түңілді, Аш күзендей бүгілді, Екеуінің ақ сауыт Шығыршықтап сөгілді. Сол уақыттар болғанда Артық туған Қобыланды,


Найзасын ырғап ендірді,» - деген үзіндідегі шайқасып жатқан екі батыр: Қобыланды мен Қазан


Қазаннан Сырлы қаланы Қобыланды 12 күнде алады.


Қазан ердің Ноғайлы жерінен басып алған екі қаласы: Қырлы қала, Сырлы қала; (Қырлы қала (оған бектерін орналастырған) және Сырлы қала (оған жендеттерін орналастырған).


Қобыландыны алғаш жекпе-жекке шақырған батыр: Қызыл ер Қобыланды батыр Қызыл ерді жеңеді.


“Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе?!” - деп, жорыққа шығатын батыр: Қараман


Құртқаның Тайбурыл туралы айтқаны: “Әлі де қырық үш күндік кемдігі бар”. Қараман мен Қобыланданы қолға түсіріп, аяқ-қолына кісен салған батыр: Көбікті Көбікті киген сауыттың осал жері: кіндігінің тұсында.


Көбікті ханның қолына түскен Қараман мен Қобыландының еркіндікке шығуына көмектескен кейіпкер: Қарлыға


Қобыланды батыр жоқта елін шауып кеткен қалмақтың ханы: Алшағыр


Жыр соңында Қобыланды Алшағырды жекпе-жекке шақырып, жеңеді. Елін азат етеді.


 


 


«Сонда Бурыл гуледі, Табаны жерге тимеді,


Көлденең жатқан көк тасты, Тіктеп тиген тұяғы


Саз балшықтай иледі…» Көркемдік тәсіл: Әсірелеу (гипербола)


 


«Ұлттық құндылық: Батырлардың ерлігі, отбасылық құндылықтар


«Өз ойым+түсінік: Жыр Қарақыпшақ Қобыланды батырдың өмірде болған, ерлік істері-мен еліне танылып, құрметіне бөленген батыр болғанын дәлелдейді.


«Ұқсас шығарма: «Керқұла атты Кендебай»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу