Өлеңдер ✍️

  20.11.2024
  244


Автор: Ақтөбе қаласы

Жанымның сен бөлшегі, Ақтөбемсің

Жанымның сен бөлшегі, Ақтөбемсің,
Көңілімнің көктемі, сән құратын.
Бекініс боп құрылған Ақтөбемсің,
Барша жұртты расымен таң қылатын.

Жанымның сен бөлшегі Ақтөбемсің,
Жұлдызым боп түнімде жарқырайтын.
Шабысы көп мен үшін ақ беренсің,
Ағын судай лезде көп арқырайтын.

Жанымның сен бөлшегі Ақтөбемсің,
Тұрғындары ынтымақ үнін сақтар.
Ақтөбемсің, бал-қаймақ тәтті өлеңсің,
Айнымайтын, тарихи сырын сақтар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу