19.11.2024
  260


Автор: Ақтау қаласы

Ақтауым бұл, туған жер

Мен туған жерім Ақтауымды қатты жақсы көрем. Ақтауыммен бірге жанданып, өсіп өніп келемін. Ақтау қаласы мен үшін елден ерекше бооып тұрады. Өйткені ол туған жерім. Жүрегімнің ішіндегі жүрегім деуге болады. Ақтау қаласымен мақтанамыз. Қарт Каспийдің жағасы, шығысында орналасқан менің ең сүйікті қалам болып табылады. Маңғыстау облысының орталығы, 1961 жылы құрылып, 1963 жылы қала статусына ие болған менің туған қалам.
Ал 1964-1991 жылдары украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко атанған қаламның бүгінгі жай күйі көңіл көншітерлік күйде, яғни дамушы қалалардың қатарында. Қалада әуе жолы мен теңіз порты бар. Ал пойыз жол станциясы жоқ, пойыздар Маңғыстау облысының станциясына тоқтап, сол арқылы қарым-қатынас жасайды.
Тұрғындарының бір біріне деген сыйластықтары жоғары, тұрғындар арасында қазақтар басым қалалардың бірі. Ия, бұл менің қалам, Каспийдің жағасында орналасқан, Каспийдің толқындарымен мақтанамын. Ақтауымның көрікті жерлерімен, керемет демалыс орындарымен мақтанамын. Мен айтқаныммен өздеріңіз келіп, жүрекпен сезінгендеріңізге жетпейді. Сондықтан, еліміздің өзге облысының тұрғындарына Ақтауға келіңіздер, деймін, бізде бәрі керемет, бізде бәрі супер...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу