Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.11.2024
95
Жадырайтын жазы бар
Аппақ мінез қысы бар, Ақтауым бұл,
Жаныңызға ызғарын сездірмейтін.
Ақ жапалақ қарымен баурап алып,
Бауырына басатын, кездірмейтін.
Көктемі бар, жазы бар, Ақтауым бұл,
Қарт Каспийде қазы бар, шағаласы.
Көктем мен жаз жаныңды жадыратар,
Көңіл-күйдің болмайтын жарамасы.
Сары алтындай күзі бар, Ақтауым бұл,
Орталығы облыстың, білесіздер.
Сары жапырақ жаныңа жалау болып,
Әуелете ән айтып жүрерсіздер...!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇