Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.11.2024
105
Осы Орал қаласы
Осы Орал қаласы, қараңыздар,
Баурап алар қазақи даламыз бар.
Жайық өзен бойынан тұрғызылған,
Батыста осы әдемі қаламыз бар!
Осы Орал қаласы қараңыздар,
Бермейтін еш сіздерге қалам ызғар.
Орталығы облыстың қалам осы,
Жарасымын табатын ұл мен қыздар!
Осы Орал қаласы қараңыздар,
Қуанышты біздер көп табамыз дәл.
Өлеңдетіп, жырлатып шын жүректен,
Келіңіздер бәріміз саламыз ән!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇