Шығармалар ✍️
Кентау тарихы
Әр қаланың құрылу жолындағы өз тарихы бар, бастарынан өткерген өзіндік қиындықтары мен тарихқа енген ұмытылмас тұстары бар. Сол сияқты Кентау қаласының да тарихына көз салар болсақ:
«Кентау қаласы Ащысай қорғасын-мырыш кен орнын игеру мақсатында; Хантағы мен Мырғалымсай жұмысшылар поселкілері негізінде құрылған. 1955 жылы 1 тамызда Мырғалымсай ауылын Кентау деп өзгерту туралы жарлық шықты. 1971 жылы қаланың бас даму жоспары бекітіліп, оған сәйкес Кентауда 4-5 қабатты үйлер тұрғызылды» — деген, гугл атамыздың сөзіне қарайтын болсақ, Кентау қаласының 1955 жылы 1 тамызда Мырғалымсай ауылының атауы «Кентау» деп аталып, 1971 жылы қаланың даму жолындағы түрлі жоспарлары бекітілген екен. Үлкен қабатты үйлер мен түрлі оқу ғимараттары мен мәдени ғимараттар тұғызылып, Кентау қаласы адам танымастай болып өзгеріп шыға келеді.
Қаланың тыныс-тіршілігі, экономикасы сол кезеңдерде қарқынды дамыды. Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. 20 ғасырдың 80-90 жылдары кішкене тгқырауға ұшыраған Кентау қаласының бүгінгі көрінісі өте жақсы, даму үстінде дей аламыз.
«Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарыныңбірі» Сонымен қатар әдебиеті мен мәдениеті қатты дамыған қала дей аламыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇