Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
25.09.2024
144
Мұсылманмын мен енді
Алхамдулиллах деймін мен,
Мұсылманмын мен енді.
Барлық әлем әдемі,
Уысымда тербелді.
Мұсылманмын мен енді,
Кеңге салдым арқаны.
Үлкен жолға түстім мен,
Ризығым да артады.
Мұсылманмын мен енді,
Көтеріңкі көңілім.
Деп сенемін алдымда,
Жарқырайды өмірім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇