Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
25.09.2024
210
Сен мұсылман атандың
Сен мұсылман атандың,
Үлкендерден бата алдың.
Сүндеттеліп бүгін сен,
Қуана тіл қата алдың.
Сен мұсылман атандың,
Сынақты бұл тата алдың.
Үлкен жігіт болып сен,
Асулардан аса алдың.
Сен мұсылман атандың,
Тәй-тәй қадам баса алдың.
Бір міндеттен құтылып,
Үлкен істі жасадың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇