25.09.2024
  133


Автор: Сүндет той

Мұсылманмын бүгін мен

Мұсылманмын бүгін мен,
Сүндеттелген, үлкен боп.
Болып жатыр сүндет той,
Ешкімге де өкпем жоқ.

Ата-анам қасымда,
Туған туыс, жақыным.
Жүріп келем тәй-тәйләп,
Қадам басып ақырын.

Сүндет тойдың төріне,
Нағашыммен шықтым мен.
Мұсылмандық маңызды,
Екендігін ұқтым мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу