Өлеңдер ✍️

  23.09.2024
  232


Жанұзақ Мерейлім Кемалқызы

Тағдырмен бетпе бет

Іздесем өмір бойы таба алам ма ем?


Қалармын ба адасып одан әрмен?


Үміт барма бетпе бет тілдесуге


Тағдырым хабар айтшы елшілерден.


 


Соқпақ ары бітерме екен соңы қайда 


Қиындық қорындағы таусылмайма?!


Берген қайғың көбірек қуаныштан


Маған айтшы табарың қандай пайда?


 


Тағдырым маған жаның ашымайма 


Әлде сенің рахатың осылай ма?


Әкемдей тіреу болып жұбатсаңшы


Алдыңда ең мықты да жасымай ма?!


 


Тау басында мұнартқан сағымдаймын


Қарсы келсең қашпаймын,жалынбаймын


Алдыңда зар жылату мақсат болса


Онда тыңда, мен саған бағынбаймын!


 


                            Жанұзақ Мерейлім Кемалқызы 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу