14.08.2024
  287


Автор: Үйлену той

Құтты болсын Отауларың құлындарым! (анасы)

Жанымның бір бөлшегіне айналған ұлым мен үйімізге қадам басқан сұлу келінім! Жаңа өмірге басқан қадамдарың оң болсын! Ырзық несібелерің мол болсын! Жандарың жаманшылық көрмесін! Қиындықтарың болмасын! Бақыттың базарында, қызырдың назарында болыңдар, құлындарым! Көңілдерің көтеріңкі болып, бастарың көбейе берсін! Сәбидің үні жанымызды тербеп, шілдехана бесік тойдың куәгері бола берейік! Тек қана бақытты болыңдар жандарым! Өмірлерің гүл жайнасын, көңілдеріңде нұр ойнасын! Жүздерің жарық болсын, құлындарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу