14.08.2024
132
Жас жұбайлар тілеймін бақыт саған
[spoiler][/spoiler]
Жас жұбайлар тілеймін бақыт саған,
Болыңдаршы өмірде бақытты адам.
Құтты болсын құраған отауларың,
Бір-біріңе сыйластық, артып бағаң.
Бірге қанат қағыңдар жүзің жарқын,
Түсініңдер айтылар сөздің парқын.
Алла қолдап сәбилі, балалы бол,
Жас жұбайлар Жаратқан салып сәтін.
Бақыт қана тілеймін, бақытты бол,
Жаратқаным сыйласын бақытты мол.
Қуаныштар көбейсін, шаттықтарың,
Қызықтарын беретін уақыты мол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇