14.08.2024
253
Құтты болсын үйлену той ағайын!
Құтты болсын үйлену той ағайын,
Сыйлай берсін атар таңың арайын.
Тойың тойға ұлассын, жалғай түссін,
Шілдехана, тойларыңыз талайын!
Бүгінгі тойға жиналған тойшыл қауым! Тойларыңыз құтты болсын! Екі жастың отаулары биік болсын! Үй ішінен тіккен отаулары қуаныш пен шаттыққа тола берсін! Осы тойға жиналған барша ағайын туыс бауыр, құда жекжаттар сіздерге де осындай той жұғысты бола берсін! Жастар бақытты болсын! Бір бастары екеу болды, әрі қарай балаларымен көбейе берсін! Шілдехана бесік тойға, сүндет тойға келуді Алла нәсіп етсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇